Оспан батыр

Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, ҚытайКСРОМоңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты.
Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпей қоймады. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла 1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды.
Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Өркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанның азаматтығын алып Алматыда тұрақтап қалған еді.
Діні мен ұлтты үшін шаһит кеткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл өткенде немересі Өркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шөбересіне Нұресіл деп ат қойды.

Comments

Popular posts from this blog

Чингис хаан

Қазақтар